• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 24 Ақпан, 2026

Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

40 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық референдум комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Кездесуде алдағы республикалық референдумды ұйымдастыру және оған дайындық барысы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Президентке референдумды өткізуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстар, дайындық деңгейі және негізгі ұйымдастырушылық мәселелер жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев референдумды өткізу барысында ашықтық пен заң талаптарының қатаң сақталуы маңызды екенін айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы әрбір азаматтың өз таңдауын еркін жасауына тең мүмкіндік берілуі қажет екеніне ерекше назар аударды.

Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті.

Соңғы жаңалықтар