• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 13:42

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?

10 рет
көрсетілді

Елімізде жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға 12 миллионнан астам сайлаушы қатыса алады. Осыған байланысты Алматы мен Астанада тұрғындарға өздерінің дауыс беру учаскесін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы байланыс арналары іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, оңтүстік мегаполисте барлығы 654 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қала тұрғындары өз учаскесін бірнеше жолмен біле алады. Атап айтқанда, күн сайын сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін бірыңғай call-орталықтың 1308 нөміріне қоңырау шалуына болады. Сондай-ақ open-almaty.kz сайты арқылы жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу жеткілікті. Бұдан бөлек, Telegram желісіндегі @almaty_referendum2026_bot чат-боты да осы қызметті ұсынады.

Референдум әлемдік БАҚ назарында

Астана қаласында дауыс беру учаскесі туралы ақпарат referendum.astana.kz сайтында қолжетімді. Сонымен қатар referendum_astana_bot Telegram-боты мен 109 нөмірі арқылы жұмыс істейтін iKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы да қажетті мәлімет алуға болады.

Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды

Республикалық референдум 15 наурызда өтеді. Азаматтар еліміздің кез келген өңірінде дауыс беру құқығын пайдалана алады. Ол үшін алдын ала арнайы тіркеуден өтіп, тиісті құжат рәсімдеуі қажет.

Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ақпараттық арналардың іске қосылуы тұрғындардың дауыс беру үдерісіне ыңғайлы әрі кедергісіз қатысуына жағдай жасауға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар