• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:07

2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді

20 рет
көрсетілді

2 наурыздан бастап тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға баспана бөлу және жеңілдетілген тұрғын үй несиесін беру тәртібі өзгереді. Осы күннен бастап «Отбасы банк» пәтерлерді тек деректерді міндетті түрде түгендеуден өткен азаматтарға ғана ұсынбақ, деп жазады Egemen.kz.

Қаржы институтының хабарлауынша, түгендеу рәсімі кезекте тұрған азамат туралы мәліметтердің өзектілігін тексеруге бағытталған. Атап айтқанда, отбасы құрамы, санаты және тұрғын үйінің бар-жоғы қайта қаралады. Ол үшін азаматтар процедураны арнайы портал арқылы өтіп, дербес деректерді өңдеуге келісім беруі қажет.

Егер кезекте тұрған азамат түгендеуден өтпесе, ол тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен шығарылмайды. Алайда деректер тексерілгенге дейін банк оған жалдамалы пәтер ұсына алмайды және жылдық 2 немесе 5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие берілмейді.

«Отбасы банк» салымшыларына мемлекеттік сыйлықақы 1 наурызда аударылады

Бұған дейін уақытша тәртіп қолданылған. Алғашқы кезеңде жаңа жүйені жылдам іске қосу үшін банк пәтерлерді түгендеусіз бөліп, тек содан кейін кезекте тұрған азаматтардың мәліметін тексерген. Бұл кей жағдайда қиындық туғызған.

«Кейде түгендеу барысында кезекте тұрған адамның бұрын баспана сатып алғаны анықталды, яғни ол енді тұрғын үйге мұқтаж емес болып шықты. Тағы бір жағдайда отбасы құрамында өзгеріс болып, бала саны артқанымен, оған шағын пәтер бөлінген жайттар кездесті. Мұндай жағдайда барлық процесті қайта бастауға тура келді, ал бұл қосымша уақытты талап етті», деп түсіндірді банк өкілдері.

Тұрғын үй кезегі қалай жұмыс істейді?

Отбасы банк тұрғын үйді ұлттық даму институты мәртебесінде бөліп отыр. Бүгінде облыс әкімдіктері банкке 13 393 пәтер тапсырған. Оның 8 846-сы жалдамалы тұрғын үйге, 4 547-сі несиелік баспанаға арналған. Пәтер бөлу басталғалы бері 4 216 отбасы қоныс тойын тойлаған. 24 ақпандағы мәліметке сәйкес, 257 мың азамат деректерді түгендеу рәсімінен өткен.

Отбасы банк Астанадағы жаңа деректер орталығына көшті

Жаңа тәртіп тұрғын үйді әділ бөлуге және кезекте тұрғандардың нақты жағдайын ескеруге мүмкіндік бермек.

Соңғы жаңалықтар