• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 18:43

Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады

10 рет
көрсетілді

2026 жылғы 24 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның Жаңа Конституциясы – қоғамның топтастырушы әлеуеті» тақырыбында сарапшылық талқылау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Іс-шараны Ғылым және жоғары білім министрлігі  Философия, саясаттану және дінтану институты (ФСДИ) ұйымдастырды. Жиынға Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты сарапшылары, сондай-ақ Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкерлері қатысты.

«Жаңа Конституция жобасы тең құқықтар қағидатын және Қазақстанның сан алуандылығына құрметті нығайтады. Ол қоғамдық келісімді әділдікке, диалогқа және өзара мойындауға негізделген жүйе арқылы қалыптастырады», деді қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Луиза Узарова.

Сарапшының пікірінше, Конституция жобасы қоғамдық қатынастарды дамытудың жаңа кезеңін көрсетеді және қазақстандық қоғамды топтастырудың жинақталған тәжірибесін ескере отырып, елдегі бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайтуға бағытталған.

Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері Наталья Сейтахметова жаңа Конституция жобасының баптарында зайырлылық қағидаттарын бекітудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол бұл қағидаларды «smart-зайырлылық» деп сипаттап, оның ар-ождан бостандығы, диалог мәдениеті және толеранттылық қағидаттары сияқты азаматтық татулық құндылықтарын нығайтатынын айтты. Мұндай құндылықтық негіз жаңа онтологиялық шынайылық жағдайында көзқарастар алуандығын сақтай отырып, қоғам бірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Сарапшылар жаңа Конституция жобасына оң баға беріп, оның қазақстандық қоғамдағы келісімді нығайтуға бағытталған сындарлы әлеуетін атап өтті.

Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді

Соңғы жаңалықтар