• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Яна Легкодимова ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

0 рет
көрсетілді

24 ақпанда Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандардың апелляциялық шағымдарын қарап, үкімді өзгеріссіз қалдырды. Екі айыпталушы да өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот отырысында сотталғандардың адвокаттары мен қоғамдық қорғаушылары үкімді тым қатаң деп санап, оны қайта қарап, өмір бойғы жазаны белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырумен алмастыруды сұраған.

Апелляциялық саты қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша материалдар мен тараптардың уәждерін зерделеп, қаулы шығарды. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Тәтті Уәлиева Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Қатимовке қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылғанын, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалғанын хабарлады. Екі сотталушы да өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтейді.

«Олар менің жалғыз баламды өлтірді, онымен бірге мені де өлтірді. Сол күннен бері мен өмір сүріп жатқан жоқпын, тек тіршілік етіп келемін», деді бүгінгі сот отырысында Галина Легкодимова. Яна Легкодимованың өліміне қатысты үкім: Сотталғандар апелляциялық шағым түсірді

Атырау тұрғыны Яна Легкодимованы өлтіру туралы атышулы қылмыстық іс бойынша сот процесі 2025 жылғы 18 қыркүйекте басталып, шамамен екі айға созылды. Іс материалдары 24 томнан тұрған.

Яна Легкодимова ісі: Айыпталушылар өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Соңғы жаңалықтар