• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат 25 Ақпан, 2026

Ата заң жобасы сараланды

20 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары Шымкент қаласы мен Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар облыстарының тұрғындарымен кездесіп, жаңа Ата заң жобасын түсіндірді.

Депутаттар Нұрлан Бекна­заров пен Айгүл Қапбарова Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ли­цей ұжымымен және Шым­кент қаласының №2 көп­са­лалы ауруханасының қызмет­керлерімен кездесті. Парла­ментшілер жаңа Конституция жобасы еліміздің одан әрі да­муын айқындайтын страте­гиялық құжат екенін атап өтті.

«Жаңа Конституцияның жобасы құрылымдық өзгеріс­термен шектелмейді. Ол мем­ле­кеттік басқарудың жауапты үлгісін қалыптастыруға, аза­маттардың құқығын қор­ғаудың нақты тетіктерін кү­шейтуге және қоғам мен би­лік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған», деді Н.Бекназаров.

Ал сенаторлар Амангелді Нұғманов пен Бауыржан Қаниев Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровпен кездесті. Онда алдағы республикалық референдумға дайындық барысы пысықталып, үйлестіру жұмысының мән-жайы айтылды. Сенаторлар жаңа Ата заңда ұсынылған өзгерістер азаматтардың құқығы мен бос­тандығын кеңейтуге, мем­ле­кеттік басқарудың тиім­ділі­гін арттыруға, әлеуметтік әді­леттілікті нығайтуға және өңір­лердің тұрақты дамуына бағыт­талғанын атап өтті.

Қызылорда облысына бар­ған депутаттардың жұмыс сапары Жалағаш ауданында жалғас­ты. Нұртөре Жүсіп пен Руслан Рүстемов Конституция жобасын түсіндіруге арналған бірқатар кездесу өткізді. Аг­рар­шылар алдында сөйлеген Н.Жүсіп негізгі заңның жаңа редакциясы мемлекеттің сая­си жаңғыруының маңызды кезеңі екенін әрі қоғамның нақты сұранысын көрсететінін атап өтті.

Сенат депутаты Ернұр Әйт­кенов Павлодар облысындағы сапарын облыстық коалиция штабының қызметімен танысудан бастады. Бұдан соң депутат өңір жастарымен кездесіп, конституциялық реформаның негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ ол муай­тайдан республикалық жа­рыс­тың жеңімпаздарымен жүз­десті. Сенатор спортшы­лар­ды жетістіктерімен құттық­тап, жастардың белсенді аза­мат­тық ұстанымын қалыптас­ты­ру­дың маңызды екенін айтты.

Депутаттар жалпы респуб­ликалық референдумның маңыз­дылығын атап өтіп, аза­мат­тарды дауыс беруге белсен­ді қатысуға шақырды. 

Соңғы жаңалықтар