АҚТАУ. 12 мамыр. Маңғыстау облысында ашық теңізге шығып кеткен екі балықшы құтқарылды. Бұл туралы lada.kz хабарлады.
Оқиға Түпқараған ауданында 7 мамыр күні кеште болған. Резеңке қайықпен балық аулауға шыққан екі балықшы ашық теңізге шығып кетеді. Бұл туралы тиісті орындарға жағада қалған үшінші балықшы хабарлайды.
«Дереу ұйымдастырылған іздеу-құтқару жұмыстары нәтижесінде жоғалған қайық 9 мамыр күні таңертең Таушық ауылының маңындағы Сартас жерінен табылды. Қайықтағы екі балықшы да дін аман», – дейді Маңғыстау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнара Қожабекова.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: lada.kz.