• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 13:54

«Химфармның» өндірістік әлеуеті артады: Жаңа 38 дәрі-дәрмек шығарылады

10 рет
көрсетілді

Шымкентте «Polpharma Santo» сауда белгісімен дәрі-дәрмек шығаратын «Химфарм» АҚ-ның өндірістік ауқымы кеңейтілмек. Тиісті инвестициялық келісім Қазақстан Үкіметі тарапынан мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеке инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 40 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында жаңа өндірістік қуатты желілер салынып, шығарылатын дәрілік препараттар 38 атауға дейін көбейеді. Олардың қатарында онкологиялық, жүрек-қан тамырлары мен жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрілер бар.

15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін

Өндірістің бірінші кезеңін іске қосу 2029 жылдың соңына жоспарланған. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында шамамен 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді дейді мамандар.

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?

Польшалық инвесторлар сондай-ақ, жаңа дәрілік өнімдер әзірлейтін ғылыми-зерттеу сынақ орталығы мен заманауи зертханалары бар Сапа және инновациялар алаңын салуды көздеп отыр. Өз кезегінде жаңа желіле отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтып, үшінші мегаполисті елдегі жетекші фармацевтикалық орталыққа айналдыруға мүмкіндік бермек.

 Енді азаматтар дәрі-дәрмек бағасын Naqty Onim арқылы тексере алады

Соңғы жаңалықтар