• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2015

Ақтөбеде Жеңіс күніне орай мемориалдық тақта орнатылды (фото)

396 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 13 мамыр. Ақтөбеде Жеңістің 70 жылдығына орай облыстық соттың бастамасымен Ұлы Отан соғысы және сот жүйесі ардагерлерінің құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған ескерткіш облыстық сот ғимаратының алдында орнатылды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмагазиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңес Бірманов, құқық қорғау органдарының өкілдері, облыс орталығына жақын орналасқан жергілікті сот төрағалары, облыстық сот судьялары, облыстың сот жүйесінің ардагерлері, өмірден өткен соғыс және тыл ардагерлерінің жұбайлары, олардың ұрпақтары қатысты. Салтанатты рәсімде сөз алған облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов жиналған қауымды Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, шараға қатысушыларға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына бақыт, тіледі. Ардагерлерге майдандағы ерліктері мен тылдағы еңбектері үшін алғыс сезімін білдірді. Сот жүйесінде жиырма бес жылдан астам адал қызмет атқарған еңбек ардагері Кеңес Жүсіпов аға буын әріптес судьялар мен ескерткіш тақтаға енген соғыс ардагерлері туралы жылы лебізге толы естеліктерімен бөлісті. Мемориалдық тақтаны облыстық сот төрағасы Ерлан Айтжанов пен сот жүйесінің ардагері Совет Мұхамбетқалиев салтанатты түрде ашты. Ұлы Отан соғысының және сот жүйесінің ардагері Омарбек Бердиевтің қызы Камшат Бердиева әкесінің атын мемориалдық тақтаға енгізгені үшін облыстық соттың басшылығына ризашылығын жеткізді. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz.