• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 15:23

Қазір Иранда қанша отандастарымыз жүр?

0 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріндегі күрделі саяси жағдайға байланысты қазақстандықтар жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Министрліктің мәліметіне сәйкес, Иран аумағында 96 Қазақстан азамат бар.

«Олардың 18-і дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, екеуі – студенттер, 70 адам «Заркух» зауытында еңбек етеді. Ал 6 қазақстандық жеке тәртіппен Иранда тұрады», деп хабарлады СІМ.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Қазіргі уақытта қазақстандықтардың арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, 2026 жылғы 28 ақпанда Иранда жарылыстар болды. Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац соққылар Израильге қауіптерді жоюға бағытталғанын мәлімдеді. Трамп операцияға АҚШ та қатысқанын растады.

Соңғы жаңалықтар