• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2015

Маңғыстауда Қалнияз батырдың сүйегі туған жеріне қайта жерленді

636 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 28 сәуір. Маңғыстау облысында денесі тәжік жерінде қалған халық ақыны, жорық жыршысы Қалнияз батырдың сүйегі туған жеріне әкеліп жерленді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қалнияз Шопықұлы 1816 жылы қазіргі Бейнеу ауданына қарасты Сам құмында дүниеге келген. Жастайынан «Қырымның қырық батырын» жырлап, жыршы әрі жырау ретінде танылған. Ақын және батыр Қалнияз Хиуа хандарына қарсы жорықтарға қатысып, сарбаздарды өлең-толғауларымен ерлікке үндеді. 1870 жылы патша үкіметіне наразылық білдірген Иса-Досан көтерілісіне қатысады. Көтеріліс жеңіліс тапқан соң қудалауға ұшырап, ауыл-елі Ауғанстан, Тәжікстан жеріне көшеді. 1902 жылы Тәжікстанның Гиссар алқабында өмірден өтіп, топырақ жат жерден бұйырған еді. Қалнияз жыраудың бірнеше ерлік дастандары, айтыстары, толғау-термелері, жырлары мен күйлері қазақ еліне, Маңғыстау, Атырау өңірлеріне, сондай-ақ, Орта Азия елдеріне кең таныс. Бүгінде ұрпақтары Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрады. Осылайша, бір ғасырдан астам уақыт жат жерде жатқан баба сүйегі туған топырағына оралып, облыс аумағындағы Отпан таудан жай тапты. Ата рухына мешітте Құран оқылды. Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің бас имамы Смайыл Сейтбеков бес жағдайда ғана мәйітті қайта жерлеуге рұқсат берілетінін түсіндіріп берді. Оның бірінде «Мәйіт жат жерге жерленсе, сондай-ақ, біреудің жеріне жерленсе, жақындары кейін қазып алып, басқа жерге жерлеуге болады», – делінген екен. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: Талант Құсайын.