2026 жылғы ақпанда Қазақстанда айлық инфляция 1,1% болды. Бағаның өсуі барлық негізгі сегментте тіркелді: азық-түлік тауарлары – 1,3%, ақылы қызметтер – 1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%. Жылдық мәнде инфляция деңгейі 11,7%-ға жетті, деп жазады Egemen.kz.
Ақпан айында бірқатар көкөніс бағасы өсті. Атап айтқанда, қияр – 3,9%, басты пияз – 3,2%, апельсин – 0,9%, тауық еті – 0,6% қымбаттады. Ал сүйексіз сиыр еті 0,2% төмендеді.
Өңделген өнімдер арасында консервіленген жүгері бағасы 8,6%, минералды су 6,8% өсті.
Жылдық есепте кейбір әлеуметтік маңызы бар тауарлар арзандады: көк шөптер (көк пияз, аскөк, ақжелкен) – 7,6%, кәді – 6,2%, күріш – 4,3%, қырыққабат – 1,5% төмендеді. Ал мейіз – 8,8%, тәтті печенье – 8,5%, бал – 7,2%, құрма – 5,8% қымбаттаған.
Жалпы алғанда, жылдық мәнде азық-түлік бағасы 12,7% өсті.
Мемлекет басшысы: Инфляцияны ойға қонымды деңгейге түсіру қажет
Тұрмыстық тауарлар бағасы және қызмет көрсету саласыАзық-түлікке жатпайтын тауарлар сегментінде де баға құбылуы байқалды. Кір жуатын машиналар 7,4%, стерильді таңғыштар 3,8%, электр шайнектер 2,6% қымбаттады. Смартфондар 1,7% арзандады.
Кейбір тауарлар бойынша өсім айтарлықтай болды: үтіктеуге арналған тақтай – 12,4%, стакандар жиынтығы – 8,9%, кір жуу ұнтағы – 1,5%.
2025 жылғы ақпанмен салыстырғанда душқа арналған гель 15%, цемент 11,2%, жуу және тазалау құралдары 9,3%, түсқағаз желімі 5,7% өсті.
Жылдық мәнде азық-түлік емес тауарлар 11,6% қымбаттады.
Ақылы қызметтер бағасы ақпанда 1% өсті. Кинотеатр қызметі 2,2%, фотограф қызметі 0,5% қымбаттады.
Жылдық көрсеткіш бойынша киім тазалау қызметі – 14,5%, косметолог қызметі – 12,7%, жаттығу залдары абонементі – 10,1% өскен. Жалпы, ақылы қызметтер бағасы бір жылда 10,8% артты.
Инфляция: Қатаңдық емес, икемділік керек
Тұтыну себетінің құрылымы2026 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағалары индексін есептеу кезінде азық-түлік тауарларының үлесі 41,1%, азық-түлік емес тауарлар – 28,4%, ақылы қызметтер – 30,5% болды.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексі ай сайын есептеледі. Бағалар мен тарифтерге бақылау 537 позиция бойынша жүргізіледі. 2018 жылдан бергі динамика арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көрсетілген.
Ұлттық статистика дерегі баға өсімі барлық негізгі санатта сақталып отырғанын аңғартады. Бұл үрдіс ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсыныс теңгеріміне, сондай-ақ сыртқы факторларға тікелей байланысты.
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?