• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 00:10

Құныққан өсімқордың ақыры

0 рет
көрсетілді

Петропавл қаласында 2013-2025 жылдары жұртқа өсіммен қарыз беру арқылы 1,8 млрд теңге ақша тапқан өсімқордың қылмысты ісі аяқталып, сотқа жолданды деп хабарлайды Egemen.kz.

Өсімқордың қылмысы – ешқандай лицензия алмай, салық төлемей, қарыз алушыны қорқытып-үркіту және өсім пайызын өрескел үлкейтіп жүргендігінде болып отыр.

Өзінен қарыз алған адаммен жасалған келісімшартында ол бір айдағы қайтарылмақ соманы 5-10 пайызға көтеріп көрсеткен. Сөйтіп жылдық өсім 60-120 пайыз болып шыға келген. Қарыздың қайтарылуын қамтамасыз ету үшін ол алушының көліктері мен  жылжымайтын мүліктерін иелену туралы жасанды келісімшарттар да жасаған.

Сонымен бірге қарызгерлеріне қорқыту, қол жұмсау шараларын да қолданған. Соттың санкциясымен мүлкін тұтқындағанда өсімқорда 1,1 млрд теңге ақша, 2 пәтер, 2 тұрғын үй, бір жер участогы, 2 автомобиль болған. Қазір оған күзетпен ұсталу шарасы қолданылып, ісі сотқа кетті.

Өскемен әуежайының бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды

Соңғы жаңалықтар