АСТАНА. 13 мамыр. Әлемге әйгілі киноактер Жан Клод ван Дамм «Кикбоксер» фильміндегі биін 26 жылдан кейін тағы билеп берді. Бұл туралы eurosport.ru хабарлады.
АҚШ-тың Конан О’Брайен кешкілік шоуы бағдарламасына қатысқан ван Дамм жүргізушінің өтінішін жерге қалдырмады. Сөз арасында жүргізуші «Кикбоксер» фильмі өзіне қатты ұнайтынын айтқан кезде, актер ондағы би қимылдарын әлі де ұмытпағанын жеткізді. Сөйтіп, сахнаға шықты.
Жан Клод ван Дамм каратэ және кикбокстан Еуропа чемпионы. Тіпті 1977-1982 жылдар аралығында аталған спорт түрлері бойынша кәсіби рингте 22 жекпе-жек өткізген. Оның 20-сында қарсыласынан басым түссе (13 нокаут), 2 рет төрешілердің шешімімен жеңілген.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: eurosport.ru.