Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2029 жылға дейін 10 мың шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ол бүгінгі таңда 5 мың шақырым жолды жөндеу жұмыстары аяқталғанын атап өтті. 2029 жылға дейін тағы 5 мың шақырым жөнделеді, бұл қойылған міндеттің толық орындалуын қамтамасыз етеді.
2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол жаңартылады
«Тасжол жобаларын жүзеге асыру үшін елімізде негізгі құрылыс материалы бар. Бұл құрылысты толық қамтамасыз етуге және жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Инертті материалдар шектеулі өңірлерде ірі өндіріс орындарының техногендік минералдық қалдықтар (ТМҚ) пайдаланылады», деді Нұрлан Сауранбаев.
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Министр алдағы үш жылда салада жалпы ұзындығы 3,25 мың шақырым, қаржыландыру көлемі 4,6 трлн теңгені құрайтын жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты. Оларды жүзеге асыру транзиттік әлеуетті едәуір арттыруға және тікелей экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.