• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 17:09

Алматы облысында кісі өлтіру дерегі 19 жылдан кейін ашылды

10 рет
көрсетілді

Алматы облысының прокуратурасы шамамен жиырма жыл бұрын жасалған кісі өлтіру ісі бойынша тергеп-тексеруді соңына жеткізді. Қадағалау органы қызметкерлерінің арқасында қылмысқа қатысқан үшінші сыбайлас анықталып, сотталды, деп жазады Egemen.kz.

Істің мән-жайы:

2006 жылғы қыркүйекте Алматы қаласында үш адам такси жүргізушісі ретінде Қырғызстан азаматын көлікке отырғызған. Кейіннен ол әйелді буындырып, өлтіріп, оның жеке заттарын ұрлаған. Ал мәйітті «Алматы – Қапшағай» тасжолына тастаған.

2007 жылы екі сыбайлас сотталған, алайда үшінші тұлғаға қатысты іс жүргізу тоқтатылған. Қылмыстық іс мұрағатта болып, заң тәртібіне қайшы тәсілдермен өткен жылдардағы ашылмаған кісі өлтірулер тізіміне енгізілмеген.

Ақмола облысында төрт бірдей туысын өлтірген күдікті психикалық есепте тұрған

Прокурорлық қадағалаудың рөлі:

Бұл жасырын қылмысты Алматы облысы прокуратурасының қызметкерлері Аида Иманалиева мен Алия Сарсекеева жүргізген мұқият талдамалық жұмысының нәтижесінде анықталды.

Өткен жылдардағы істерге жүргізілген мониторинг барысында олар негізсіз тоқтатылған іс пен қылмыскерді іздестіруде тиісті бақылау болмағанын анықтаған.

Ақтөбеде әйелін өлтіріп, өзіне қол салған ер адамның ісі тоқтатылды

Прокуратура қызметкерлері деректер базаларына жан-жақты салыстыру жүргізіп, қосымша мәліметтер сұрату арқылы күдікті «К»-ның Қарасай ауданында нақты орналасқан жерін анықтады

«Иманалиева мен Сарсекееваның бастамашылығы мен кәсібилігінің арқасында әділдік қалпына келтірілді. Олар тергеу органдарына нақты нұсқаулар беріп, тергеу барысын ерекше бақылауға алды», делінген Алматы облысы прокуратурасы таратқан хабарламада.

Нұрай Серікбайдың ісі «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына өзгертілді

Нәтиже және жауапкершілік:

2025 жылдың 9 шілдесінде күдікті ұсталып, дәлелдемелер жиналғаннан кейін іс сотқа жолданған.

2026 жылдың 24 ақпанында сот айыптау үкімін шығарып, кінәлі 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар