• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2015

Алматының базарында атыс болып, бір адам оққа ұшты

256 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 26 маусым. Алатау ауданының «Жібек Жолы» базарында қылмыстық топ пен полиция қызметкерлері арасында атыс болды. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің дерегіне сүйеніп, egemen.kz хабарлады. Қылмыстық шабуыл жасауға әркеттенген топты құрықтау барысында екі жақтан да оқ атылған. «Арнайы жүргізілген операция барысында қылмысты топтан бір адам оққа ұшты, екі адам қолға түсті. Қазір болған оқиғаға байланысты жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр» деп мәлімдеді Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz.