• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 09:17

Жазира Жаппарқұл Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті болды

10 рет
көрсетілді

Зілтемірші, ауыр атлетикадан «Рио» Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды. Куәлікті Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті, Шымкент қаласы бойынша филиал президенті Мұрат Жолдыхожаев салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Тағайындау барысында сөз сөйлеген Мұрат Жолдыхожаев Жазира Жаппарқұлдың спорттағы жетістіктері мен тәжірибесі өңірдегі ауыр атлетиканы дамытуға серпін беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Олимпиада жүлдегерінің федерация жұмысына араласуы жас спортшыларға мотивация беріп, кәсіби спорттың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.

Өз кезегінде Жазира Жаппарқұл сенім білдіргені үшін алғыс айтып, өңірдегі ауыр атлетиканы дамытуға бар күш-жігерін салатынын жеткізді. Ол жасөспірімдер спортына ерекше көңіл бөліп, жаттықтырушылар құрамымен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

Серік Сәпиев министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Айта кетейік, Жазира Жаппарқұл – халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғаған тәжірибелі спортшы. Оның спорттық жолы мен жетістіктері жас буынға үлгі болары сөзсіз.

Мамандардың пікірінше, мұндай кадрлық шешімдер аймақтағы ауыр атлетиканың дамуына жаңа серпін беріп, спортшылардың халықаралық жарыстардағы нәтижелерін арттыруға мүмкіндік жасайды.

Соңғы жаңалықтар