• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Кино Бүгін, 08:05

«Алан туралы аңыз» көрерменге жол тартады

0 рет
көрсетілді

Шымкенттегі «САҚ» киностудиясы «Алан туралы аңыз» атты толық­метрлі анимациялық фильмін көрерменге ұсынады. Заманауи дина­ми­калық стильде түсірілген туынды халықаралық аудиторияға түсінікті, шытырман оқиғаға толы форматта жасалған.

Мәдениет және ақпарат ми­нистрлі­гінің тапсырысымен түсірілген фильм желісінде Алан есімді ақ барыстың бас­тан кешкен шытырман оқиғалары баяндалады. Кейіпкердің ерлігі мен қайсарлығы туған жерге деген сүйіс­пеншілігі арқылы ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталады. Фильмнің режиссері – Азамат Ерназаров. Сценарийін Бақытжан Құлжабаев, Батырхан Дәуренбеков, Азамат Ерназаров жазған. «Барыс – Алма­тының рәмізі. Оқи­ғада Алан есімді ақ барыс өзі­нің туған қаласын қорғап, ерлік көрсе­теді. Аланның достары туралы да көрсетеміз», дейді Батырхан Дәуренбеков.

Фильмнің режиссері Азамат Ерназаровтың айтуынша, оқиға динамикасы, тартысты сәттер мен әсерлі көріністер жас көрерменді ғана емес, ересектерді де бейжай қалдырмайды. Туынды ұлттық рухты, тарихи-мәдени элементтерді заманауи 3D анимациямен үйлестіре отырып, қазақы болмысты жаңа форматта танытуды мақсат етеді. «Бұл фильм әлемдік деңгейде жасалған. Туындыны жасауға екі жыл уақыт кетті. Жоба отандық анимация индустриясының дамуына серпін беріп, ұлттық мазмұндағы сапалы дүниелердің көбеюіне ықпал етеді, көрерменге сапалы дүние ұсынамыз деп ойлаймын», дейді «Сақ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев. Көрсетілім жуық арада еліміздің барлық кино­театрларында көр­сетіледі. Сондай-ақ та­ғылымы терең туынды алдағы уақытта шетелдік аудиторияға да жол тартады. Яғни анимациялық фильмді Түркия елінде көрсету жос­парланып отыр.

Соңғы жаңалықтар