Қазақстанда денсаулық сақтау саласында жасанды интеллект (AI) технологиялары кезең-кезеңімен енгізіліп, диагностиканың дәлдігін арттыру, клиникалық шешімдерді жылдам қабылдау және медициналық қызмет сапасын көтеру мақсатында қолданылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Маңызды бағыттардың бірі – инсультті ерте кезеңде анықтау. Cerebra автоматтандырылған диагностика жүйесі еліміздің 9 инсульт орталығында енгізілген.
Инсульт дерті «жасарып» барады
Бұл технология инсульт белгілерін жедел анықтауға мүмкіндік береді, соның арқасында клиникалық шешімдерді тез қабылдау және емдеуді дер кезінде бастау мүмкіндігі туады. Жүйені енгізу нәтижесінде тромболитикалық терапияны қолдану 40%-ға артты. 2026 жылы бұл шешімді 33 инсульт орталығына дейін кеңейту жоспарланып отыр.
Жас ғалым ми инсультінің алдын алатын әдіс ойлап тапты
Онкологиялық ауруларды ерте анықтау үшін WDSoft компаниясының әзірлеген шешімдері қолданылады. Радиологиялық кескіндерді талдау кезінде жасанды интеллект сүт безі мен өкпе обырын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
ЖИ қолданудың арқасында онкологиялық ауруларды анықтау көрсеткіші 32%-ға артты, ал диагностика жасау уақыты 40 минуттан 10 минутқа дейін қысқарды. Қазіргі таңда бұл жоба еліміздің 12 өңіріндегі 190 медициналық ұйымға енгізілген және оны одан әрі кеңейту жалғасып жатыр.
Павлодарда қанша адам онкологиялық ауруларға шалдыққан?
Стоматологияда Aidentis шешімдері рентген суреттерін автоматты талдап, патологиялық өзгерістерді анықтап, емдеу бойынша ұсынымдар береді. Нәтижесінде кескіндерді талдау уақыты 1 сағаттан 1 минутқа дейін қысқарды.
Барлық цифрлық шешімдер Медициналық деректердің бірыңғай қоймасы базасында іске асырылады. Бұл медициналық ақпараттық жүйелердің интеграциясын қамтамасыз етеді.