Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында тұрғынның жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты өтемақы төлеу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс материалдарына сәйкес, талап қоюшыға жалпы аумағы 0,1900 гектар жер учаскесі тиесілі болған. Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде аталған жер мемлекет мұқтажы үшін өтемақы төлеу арқылы алынуы тиіс деп белгіленген. Алайда жергілікті атқарушы орган учаскенің құнын 46 млн теңге деп бағалаған. Жер иесі бұл бағамен келіспеген.
Рейске кіргізбеген: Air Astana жолаушыға 500 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттелді
Кейін әкімдік жерді мемлекет мұқтажы үшін сатып алып, мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талаппен сотқа жүгінгенімен, талап-арызын кері қайтарып алған.
Соған қарамастан, әкімдік қаулысы негізінде жер учаскесі алынып, оның орнына автомобиль жолы салынған, алайда жер иесіне өтемақы төленбеген.
Сот барысында жүргізілген құрылыс-тауартану сараптамасының қорытындысына сәйкес, аталған жер учаскесінің нарықтық құны 83 млн теңгеден асатыны анықталған.
Қарашығанақ дауы: Қазақстан 4 млрд долларға дейін өтемақы өндіруі мүмкін
Нәтижесінде сот талапты қанағаттандырып, Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасына талап қоюшыға 83 419 500 теңге көлемінде өтемақы төлеуді міндеттеді.
Айта кетейік, сот шешімі апелляциялық сатыда да қаралып, заңды күшіне енген.