«Астана – Қарағанды – Алматы» республикалық автожолында қолайсыз ауа райы салдарынан 7 көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол қызметтері мен құқық қорғау органдары қозғалысты қалпына келтіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Бүгін сағат 10:15 шамасында 148-шақырымда, Қарағанды бағытында (148-шақырым тұсында) Ошағанды маңында жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға мезетінде жол учаскесінде қолайсыз ауа райы – қардың ұйытқып жаууы, боран, екпінді жел және көріну деңгейінің төмендеуі байқалған.
Бұл жол учаскесінде қозғалысқа бірқатар шектеу алдын ала енгізілген болатын:
− Сағат 08:30-да Қарағанды облысы Полиция департаментінен рұқсат етілген жылдамдық 110 км/сағаттан 80 км/сағатқа дейін төмендету туралы нұсқама түсті, ол сағат 09:00-ден бастап күшіне енді.− Ақмола облысы аумағында ауа райының күрт нашарлауына байланысты барлық көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.− Қарағанды облысында ауа райының нашарлауы шамамен сағат 10:00-де байқала бастады.
СҚО-да 184 жол-көлік оқиғасы тіркелген
Жол қызметтерінің әрекетіОқиға болған кезде ЖПУ-89 жол пайдалану учаскесінің патрульдік техникасы алдын ала қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кезекшілікте тұрған.
Қазіргі уақытта жол бойындағы қозғалысты қалпына келтіру және қауіпсіздікті сақтау үшін ЖПУ-89 мекемесінің 11 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылған:
− 7 бірлік кешенді жол машинасы− 2 бірлік жол жөндеу қызметінің техникасы− 1 жүк тиегіш− 1 МТЗ тракторы
Жол қызметтері жол-көлік оқиғасының салдарын жою және жол бойында қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету бағытында жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.
Жол-көлік оқиғасын азайтудың бір шарасы