• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2015

Солтүстік Қазақстанда қыз баланың ажалы судан болды

277 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 13 мамыр.   Құрбысымен көлге ойнауға барған қыз баланың ажалы судан болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мамандары хабарлады. Бұрынғы аудан орталығы Возвышенка елді мекеніне жақындау жерден тұрғындар қар, жаңбыр суларын жинақтайтын жасанды тоған жасап алғандарына біраз болған екен. Мұндай ой малдарды суару, күн ысыған уақытта суға шомылу мақсатынан туса керек. 8 жастағы екі қыз бала осында қолдан жасалған ағаш салға мініп, қыдырмақ болған. Н. есімді балдырғанның аяғы тайып кетіп, суға құлап түскен. Мүрдесін жергілікті тұрғындар тауып алған. Өмір Есқали. Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі. Сурет: egemen.kz