• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 08:05

Шалқардың шырайы кірді

0 рет
көрсетілді

Шалқар ауданының орта­лығында В.Н.Цеханович атындағы спорт кешені ашылды. Бокс, дзюдо, грек-рим күресі сияқты олим­пиадалық спорт түрле­рімен бір мезетте жүзден астам бала жаттығуға лайықталған бірнеше залы, киім ауыстыратын бөлмелері мен 300 орындық трибунасы бар жаңа кешен ашылғанына жұртшылық қатты қуанды.

Осыған дейін балалар 1904 жылы Орынбор­Ташкент теміржолы өткізілген кезде салынған ескі ғимаратта жаттығып келген. Аудан­да спортқа құштар жас көп бол­ғанымен, аумағы 300 шаршы метрден аспайтын ескі ғимаратқа олардың бәрін сыйғызу мүмкін емес еді. Бұл жайында 2023 жылы облыс әкімі Асхат Шахаров Шалқар ауданына келген сапарында №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі тәрбиеленушілерінің ата-аналары құлаққағыс еткен еді. Көп кешікпей жаңа кешен құры­лысы басталып, үш жылға жетер-жетпес уақытта пайдалануға берілді.

Салтанатты іс-шараға Самара қаласынан арнайы келген Вла­димир Цехановичтің қызы Елена Це­ханович Шалқар ауданы тұр-ғын­дарының 1970­­­­­­–1990 жылдары талантты спортшы тәрбиелеген әке есімін ұмытпай отырғандарына ризашылығын білдірді. Бұл жерде Владимир Цеханович мек­­теп оқушыларын грек-рим күресіне баулып, талай талантты спортшыларды тәрбиелеп шы­ғарды. Олардың арасынан марқұм Есенгелді Батырғарин озып шығып, КСРО халықтары Спар­такиадасының бес дүркін чемпионы болды. Осы мектептің ізгі дәстүрін кейін Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойын­да­рының қатысушысы Мей­рамбек Айнағұлов пен әлем чемпионы Қуанышбек Жаңажол жалғастырды.

Жаңа да заманауи жаб­дық­талған кешенге халықаралық са-йыстарда еліміздің көк бай­рағын желбі­рететін талантты да, талапты балалар көптеп келеді деген сенім бар.

Ақтөбе облысы

 

Соңғы жаңалықтар