Еліміздің танымал дзюдошылары – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев пен әлем чемпионаттарының екі дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақынова Қазақстанның Чехия Республикасындағы Елшілігі жанындағы №437 референдум учаскесіне барды, деп жазады Egemen.kz.
Чехияның Нимбурк қаласында өтіп жатқан халықаралық оқу-жаттығу жиынында жүрген спортшылар еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумға қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, ел үшін маңызды саяси оқиғаға қолдау көрсетті.
Қарағанды облысында мотобайкерлер де таңдау жасады
Ғұсман Қырғызбаев пен Әбиба Әбужақынова Чехиядағы референдум учаскесіне арнайы барып, ел ертеңі үшін таңдауын жасады.
Еліміздегі ең бойшаң сарбаз дауыс берді
Айта кетейік, бұған дейін бокстан ұлттық құрама мүшелері Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты Ақбастау ауылындағы №760 референдум учаскесіне арнайы барып, азаматтық борыштарын орындап, өз таңдауын жасағанын хабарлағанбыз.