ПАВЛОДАР. 26 маусым. Зауыт аумағында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері және БАҚ өкілдері бірлескен тосын апатқа қарсы жаттығу шарасын өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Шарасы барысында орын алуы мүмкін апатты «болдырмау мақсатында» кәсіпорынның газ-құтқару қызметі, өрт апатты-құтқару бөлімі мен медициналық қызметінен тұратын апатты-құтқару бөлімшелері мен қызметкерлері бірлесе әрекет етті.
Апатты жоюдың қолданыстағы жоспарына сәйкес, сұйық хлорды сақтауға арналған қосынды ыдыраған жағдайда атқарылуы тиіс шаралар жүзеге асырылды. Ал, жалпы, зауытта құтқару бөлімшелерінің жаттығу шаралары өтеді. «Каустик» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары А. Пожогиннің айтуынша, кәсіпорында оқу орталығы жұмыс жасайды. «Каустик» АҚ хлор-сілті өндірісін өндірудің мембраналық технологиясы арқылы іске асырылады. Бұл технология жоғары энерго тиімділігі мен қауіпсіздігімен қатар, экологиялық қауіпсіздігімен де ерекшеленеді. Тетіктер мен жұмыс механизмдерін қашықтықтан бақылауға мүмкіндік беретін, «Siemens» фирмасы шығарған басқару жүйелері қолданылады. Мысалы, жуырда болған апатты-құтқару қызметі қолданыстағы заманауи технологиялар автоматты режимде өндірісті тоқтатып, 200 кг көлеміндегі хлордың таралуына жол бермеді.
Сараптамалық талдаулар жұмыс аумағының ауасы мен атмосфералық ауа қабатында хлор концентрациясының шекті нормадан асып түспегенін көрсетті. Қазір зауытта өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті арттыру мақсатындағы шаралар жүзеге асырылуда. Облыс орталығындағы «Каустик» АҚ жобалық қуаты – жылына 30 мың тонна каустикалық сода, 6,6 мың тонна натрий гипохлориті, 26,4 мың тонна хлор және 45 мың тонна тұз қышқылын өндіре алады.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz