• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 17:34

ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы: Қазақстан жастары науқанға белсенді қатысып жатыр

40 рет
көрсетілді

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Игорь Петришенко ТМД миссиясы Қазақстанда 19-рет бақылау жүргізіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі таңда 161 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Бақылау Қазақстанның 9 өңірінде және шетелдегі 12 мемлекетте жүргізіліп жатыр. Байқаушылар 520-дан астам сайлау учаскесіне барған.

Референдумда дауыс бергендер саны 64,43 пайызға жетті

Миссия басшысы оған қызықты болып көрінген бір жаңашылдық туралы айтып өтті. Оның сөзінше, учаскелердің бірінде дауыс беріп шыққаннан кейін жас жігіт қызға үйленуді ұсынған, ал қыз келісімін берген.

«Бұл да Қазақстан жастарының электоралдық науқанға белсенді қатысып жатқанын көрсетеді. Айта кетейін, біз қоғамдық бақылаушылардың арасында көбіне жастардың көп екенін байқадық. Жастар шынымен де елдің болашақ дамуына алаңдайды, ойлайды. Менің ойымша, қабылданатын шешім Қазақстанның оң және тұрақты дамуы үшін қабылданады», деді Игорь Петришенко.

Қырғызстан ОСК төрағасы: Референдумның тарихи маңызы зор

Соңғы жаңалықтар