АСТАНА. 26 маусым. Ресейдің бұрынғы премьер-министрі Евгений Примаков ұзақ уақытқа созылған дерттен айыға алмай, 86 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Евгений Примаков – Ресейдің дипломатиялық, мемлекет және саяси қайраткері. Ол 1996-1998 жылдары аталған елдің сыртқы істер министрі, ал 1998-1999 жылдары премьер-министрі лауазымында қызмет атқарды.
Сонымен қатар, ол шығыстанушы және арабтанушы болды. КСРО кезінде 1977 жылдан 1985 жылға дейін Шығыстану институтына жетекшілік етті. 1980-жылдардың соңында КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаты болды.
Сондай-ақ, 1991-1996 жылдары Примаков Сыртқы барлау қызметін басқарды. 2000-2001 жылдары «Отечество – Вся Россия» партиясының парламенттегі фракциясына жетекшілік етті. Ал 2001 жылдан 2011 жылға дейін ол Ресейдің сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы болды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: ТАСС.
Сурет: vesti.ru.