• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:44

Қазақстанға заңсыз карантиндік өнімдер әкелген 145 дерек анықталды

10 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Қазақстанға үшінші елдерден карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 145 заңбұзушылық дерегі тіркелді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанға карантиндік өнімдерді заңсыз әкелудің 145 дерегі анықталды.

АШМ-нің Аграрлық-өнеркәсіптік кешеніндегі (АӨК) мемлекеттік инспекторлар жүргізген бақылау барысында фитосанитариялық талаптарға сай келмейтін өнімдерді ел аумағына заңсыз енгізу әрекеттерінің жолы кесілген. Тексерулер нәтижесінде фитосанитариялық сертификаттардың болмауы, карантиндік объектілердің анықталуы және белгіленген нормалардың сақталмауы сияқты заңбұзушылықтар анықталды.

Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды

Мамандардың айтуынша, карантиндік фитосанитариялық бақылау жүйелі түрде күшейтіліп отыр. Бұл шаралар ел аумағына қауіпті зиянкестер мен аурулардың енуіне жол бермеуге бағытталған.

Тексеру қорытындысы бойынша заң талаптарын бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Министрлік мұндай бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Жалпы, жүргізіліп жатқан шаралар Қазақстанның фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, карантиндік объектілердің таралуының алдын алуға және ауыл шаруашылығы өндірісін қорғауға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесі жыл соңына дейін 70%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар