ҚОСТАНАЙ. 13 маусым. Қостанай облысының Жітіқара ауданында бір үй өртеніп кетті. Адам шығыны бар. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жітіқара қаласындағы Горная көшесіне орналасқан жер үйден өрт шығып, бір сағаттың ішінде сөндірілді. Өрт шыққан кезде улы газға уланып қалған 1962 жылы туған жұмыссыз ер-азамат қаза болды.
Өрттің неден шыққаны белгісіз.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz