• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 19:44

Солтүстік Қазақстанда жұмысшы тоқ соғып қаза тапты

10 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің электр желілеріне қызмет көрсететін кәсіпорынның қызметкері жұмыс барысында тоқ соғып, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қайғылы оқиға 17 наурыз күні болған. Солтүстік Қазақстан өңірлік электр желілік компаниясының қызметкері жоспарлы жұмыстарды орындау кезінде тоқ соғып мерт болды. 

Компанияның мәліметінше, оқиға орнында шұғыл медициналық көмек көрсетілгенімен, қызметкердің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

«Қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қазір тиісті тергеу жүргізіліп жатыр», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Кәсіпорын өкілдері қаза тапқан қызметкердің отбасына қажетті барлық қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

 Абай облысында 50 жұмысшы мінген автобус апатқа ұшырады    
Соңғы жаңалықтар