• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2015

Алматы базарындағы атыстың мән-жайы анықталды

238 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 26 маусым. Алатау ауданының Райымбек көшесіне орналасқан «Жібек Жолы» базарындағы атыстың мән-жайы анықталды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады. Тергеу барысында Шығыс-Қазақстан облысының екі азаматы алматылық кәсіпкерге қарулы шабуыл жасамақ болғаны айғақталды. Күдіктілер мінген автомобиль діттеген жеріне бет алған тұста олардың алдынан полиция қызметкерлері шығып, тосқауыл қояды. Алайда, күдіктілер ізін жасыру мақсатымен полицейлерге қарсы оқ атқан. Қалалық ішкі істер департаменті осындай мәлімет таратты. «Арлан» тобы араласқан шұғыл операция кезінде Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданының 45 жасар тұрғыны тұтқындалды. Ал екінші күдікті полицияға қарсылық көрсетіп, атыс кезінде оққа ұшты. Тәртіп сақшылары қылмысты топтың көлігінен карабин, револьвер, травматикалық пистолет тапты. Қару-жарақ сараптау орталығына жіберілді. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: tengrinews.kz.