• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Марапат Бүгін, 08:22

Наградалармен марапатталды

10 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар қоғам қайраткері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Жаңа Конституцияның қабылдануына орай Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Пре­зидент атынан Конституциялық комис­сия­­ның бірқатар мүшесіне, БАҚ және қоғам өкіл­­деріне мемлекеттік наградалар тап­сырды.

Атап айтқанда, Конституциялық сот судьясы Қайрат Жақыпбаев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаров, Прези­дент жанындағы Қазақстан стратегия­лық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов, М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ басқарма төрағасы Талғат Нәрік­баев, «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігінің жетек­шісі Аят Сүгірбай «Парасат» орденіне ие болды.

«Jibek Joly» телеарнасының директоры Еркежан Күнтуған «Құрмет» орденімен наградталды.

М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ уни­верси­тетінің профессоры Алмас Жұмаға­ли, Uni-Q Group медиахолдингінің бас директоры Мұха­медқали Тауан «Ерен еңбегі үшін» медалі­мен марапатталды.

Президент жанындағы Қазақстан страте­гия­лық зерттеулер институтының бөлім бас­шысы Жанар Санхаеваға, Президенттік мәде­ниет орталығының маманы Дастан Қоныс­баевқа Президент Алғысы жарияланды.

Ерлан Қарин марапат иелерін құттықтап, рефе­рен­думда азаматтарымыз қабылдаған жаңа Конс­титуция біздің қоғамның прези­дент­тік ре­фор­малар төңірегіне топтасып, тұта­са түсет­інін тағы бір мәрте растағанын атап өтті.