АСТАНА. 26 маусым. Жойқын жарылыс Кувейт астанасының орталығында да болды. Жанкешті қаладағы мешіттердің бірінде өзін-өзі жарып жіберген. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Лаңкестік әрекеттен 23 адам қаза тауып, 20-дан астамы жарақат алған. Қантөгіс шиіттік мешітте болған. Куәгерлердің айтуынша, жанкешті жұма намазы оқылып жатқан кезде кіріп келіп, өзін-өзі жарып жіберген.
Айта кетейік, қанды шабуылды «ИШИМ» лаңкестік ұйымы мойнына алды. Жарылыс болған жерге Кувейт әмірішісі келді. Енді үкімет жақын арада шұғыл отырыс өткізбек.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: 24.kz.