• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 19 Наурыз, 2026

19 наурызда ел аумағында күн ашық болады

20 рет
көрсетілді

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанда алдағы үш күнде күн жылынады. 19 наурызда елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, шуақты ауа райы болады және ауа температура біртіндеп жоғарылайды, деп жазады Egemen.kz.

Елордада күн құбылмалы бұлтты болғанымен, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.

Алматыда күн құбылмалы бұлтты. Күндіз ауа 13-15 градусқа дейін жылиды. Іле Алатауының таулы аймақтарында жел күшейіп, 9-14 м/с-қа жетеді. Ал  түнде 3-8 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы болады.

Шымкентте күн райы тұрақсыз: таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 16-18 градус жылы.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз, бірақ құбылмалы ауа райы сақталады. Өңірде түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Түнде 7-12 градус аяз, күндіз 1-6 градус жылы.

Көкшетау қаласында да ауа райы құбылмалы. Түнде және таңғы уақытта тұман түсіп, көшелерде тайғақ болады. Шаһарда түнде 2-4 градус аяз сақталса, күндіз 4 градусқа дейін жылынады. 

Алматы облысында күн ашық, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түседі. Күндіз ауа температурасы 13-18 градусқа дейін көтеріледі, ал таулы өңірлерде 3-8 градус жылы. Қонаевта да күн жылы әрі жайлы болады.

Жетісу облысында жауын-шашынсыз, бірақ Алакөл маңында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін. Талдықорғанда күндіз 11-13 градус жылы.

Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстігінде тұман болады. Ал Түркістан қаласында күн ашық, ауа температурасы күндіз 18-20 градусқа дейін көтеріледі.

Еліміздің батыс өңірінде алдағы күндері жауын-шашынсыз, бірақ құбылмалы ауа райы орнамақ. Оралда күндіз 3-5 градус жылы.

Атырау облысында күн ашық, жауын-шашынсыз. Күндіз 10-15 градус жылы. Ақтауда түнде аздаған жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз 15-17 градусқа дейін жылиды.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Ақтөбе облысының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, бірақ құбылмалы ауа райы сақталады. Күндіз ауа 6-8 градус жылы. Қостанай және Павлодар облыстарында да негізінен құрғақ ауа райы сақталады, дегенмен кей жерлерде тұман мен көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы құбылмалы: кей жерлерде қар, жаңбыр аралас жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қарағанды, Ұлытау өңірлерінде жауын-шашынсыз, бірақ тұман мен көктайғақ байқалады. Күндіз ауа температурасы 3-9 градус жылы шамасында.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады. Шығыста түнгі аяз 15-20 градусқа дейін күшеюі мүмкін.

Қызылорда және Жамбыл облыстарында күн жылы: күндіз 15-20 градусқа дейін көтеріледі. Таулы аймақтарда жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал.

Еске сала кетейік, кеше бірқатар өңірде ауа райы күрт құбылды.

Соңғы жаңалықтар