• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:35

Бүгін республика бойынша қай жолдар жабық тұр?

10 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі жағдайы туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық компанияның мәліметінше, мына жолдарда барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді:

Ақмола облысы

«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолы, 346-407-шақырым аралығы (Жақсы кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы

«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай –РФ шекарасы» автожолы, 407-429-шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Чистополье ауылы);

«Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» автожолы, 0-30-шақырым аралығы (Тимирязево ауылы – Қостанай облысының шекарасы).

Павлодар облысы

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесі (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол).

Шығыс Қазақстан облысы

Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қысқы маусым аяқталғанша сақталады.

Наурыз мейрамына байланысты уақытша шектеулер:

2026 жылғы 21 наурыз күні сағат 08:30-дан бастап Наурыз мерекелік іс-шараларының өткізілуіне байланысты:

«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» республикалық маңызы бар автожолының 701-706-шақырым аралығы (Новоишимское ауылының ішінде) бөлігінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс уақытша шектелді. «Саумалкөл – Казанка – Новоишимское – Червонное» автожолы арқылы (Новоишимское ауылын айналып өту) айналып өтуге болады.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Соңғы жаңалықтар