• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис Бүгін, 13:32

Елена Рыбакина Miami Open турнирінің үшінші айналымына шықты

10 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Miami Open (WTA 1000) турнирінің екінші айналымында отандасы Юлия Путинцеваны жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Әйелдер теннисі қауымдастығының мәліметінше, Рыбакина қарсыласын екі сетте сенімді түрде жеңді – 6:3, 6:3. WTA ресми парақшасы Еленаның соққылары мен эйстерін ерекше атап өтті.

Елена Рыбакинаның 20 жетістігі

Үшінші айналымда Рыбакина әлемдік рейтингте 28-орында тұрған украиналық теннисші Марта Костюкпен кездеседі. Ол бұған дейін өзбекстандық Камила Рахимованы жеңген.

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турниріндегі нәтижесінен кейін әлемнің екінші ракеткасы атанды.

Соңғы жаңалықтар