• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:21

Байқоңыр ғарыш айлағынан жөндеу жұмыстарынан кейін алғаш рет зымыран ұшырылды

20 рет
көрсетілді

Байқоңыр ғарыш айлағы аумағынан жөндеу жұмыстарынан кейін алғаш рет зымыран ұшырылды. Бұл туралы Роскосмос хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ғарыш айлағындағы №31 ұшыру алаңынан жөндеуден кейінгі алғашқы старт жүзеге асты. «Союз-2.1а» зымыран тасығышы «Прогресс МС-33» жүк кемесін орбитаға сәтті жеткізді.

Роскосмос мәліметінше, ұшу кезеңдері штаттық режимде өткен. Кеме есептелген орбитаға жеткізіліп, зымыранның үшінші сатысынан ажыратылған. Бұдан кейін оның антенналары мен күн батареялары толық ашылған.

Алдын ала жоспарға сәйкес, 24 наурыз күні «Прогресс МС-33» Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік сегментіне түйісіп, шамамен 2,5 тонна жүк жеткізеді.

Байқоңырда «Союз МС-28» зымыранын ұшыру кезінде аса қауіпті жағдай тіркелді

№31 ұшыру алаңы – Байқоңырдағы ғарыш кемелерін ұшыруға арналған жалғыз кешен. Өткен жылдың қараша айында дәл осы жерде ұшыруға дайындық кезінде зымыранның төменгі бөліктерімен байланыстыратын қызмет көрсету кабинасы құлаған.

Наурыз айының басында Роскосмос алаңдағы қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанын хабарлап, нысан қайта пайдалануға берілгенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар