Ұлттық банк номиналы 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін 2027 жылғы маусымға дейін ұзартты. Бұл шешім қаржыгерлер қауымдастығының ұсынысын ескере отырып қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
Ескі үлгідегі банкноталарды есеп айырысу кезінде қосымша 1 жыл бойы пайдалану мүмкіндігі қарастырылғанымен қатар, оларды жаңа үлгідегі банкноталарға кезең-кезеңмен ауыстыру жұмысы да жалғасады. Ұлттық банк «Сақ стилі» сериясымен шығарылған жаңа банкноталарды шығару процесін кезең-кезеңімен жүзеге асыра отырып, айналымда қатар жүру механизмін сақтайды.
Ұлттық банк 10 мың теңгелік ескі банкноттарды пайдалану мерзімін ұзартты
Аталған кезең аяқталған соң барлық банктер мен «Қазпошта» АҚ ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға 3 жыл бойы айырбастауды жалғастырады, ал Ұлттық Банктің филиалдары оларды мерзімсіз айырбастайды.
Цифрлық теңге: Қаржы жүйесіндегі тың нұсқа
Жаңа және ескі үлгідегі банкноталар айналымда қатар жүрген кезде заңды төлем құралы болып қала береді. Олар Қазақстанның бүкіл аумағында өзінің номиналды құнына сәйкес барлық төлемдерде, аударымдарда және банк шоттарына қаражат аудару тұрғысында қабылданады.
Ұлттық банк ескертеді: Төлем картасын бұғаттау арқылы жасалатын алаяқтық көбейді