Ақтөбе қаласында жүкті әйелді алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға қала орталығында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 34 жастағы жүкті әйелді перзентханаға жеткізіп бара жатқан «103» қызметінің көлігіне жеңіл автокөлік соғылған. Қатты соққы салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып кеткен.
Жол апаты кезінде жүкті әйел басынан жарақат алып, оқиға орнынан шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Көп ұзамай оның толғағы басталған.
Алдын ала деректерге сәйкес, жедел жәрдем қызметкерлері ауыр жарақат алмаған. Әйелдің жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Оқиғадан кейін ол аман-есен қыз баланы дүниеге әкелді.
Ұшақтағы тосын жағдай: Дәрігер жүкті әйелге әуеде көмек көрсетті
«34 жастағы пациент жүктіліктің 37-аптасында шұғыл түрде босану бөліміне жеткізілді. Мамандардың тексеруінен кейін оның жағдайы тұрақты деп бағаланды. Әйел бірден босану бөліміне жіберілді. Нәтижесінде, ол аман-есен босанды», деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Жүкті әйелдің өліміне байланысты Жамбыл облысындағы перзентханада тексеріс басталды