Тәртіп сақшылары тексеру барысында қауіпсіздік белдігін тағу, көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланбау және кәмелетке толмағандарды тасымалдау ережелеріне баса назар аударды.
Түркістанда полицейлер жол ережесін бұзған 700-ден астам жүргізушіні анықтады
Мәселен, Тұран даңғылы бойында қауіпсіздік белдігін тақпаған 52 жастағы Audi жүргізушісі мен рульде телефон қолданған 54 жастағы Hyundai иесі камера операторларының назарына ілікті. Ақпарат дереу патрульдік полицияға жолданып, құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды.
Бейнекамералар мас жүргізуші мен жол ережесін бұзғандарды анықтады
Сонымен қатар полицейлер жүргізушілермен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ескертпелер таратты. Әсіресе, балалы жүргізушілерге қауіпсіздік құралдары беріліп, оларды дұрыс тасымалдау маңыздылығы түсіндірілді.