• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Наурыз, 2026

Алматы тауларында турист ауыр бас жарақатын алды

20 рет
көрсетілді

Алматы тауларында 19 жастағы турист қыз ауыр бас жарақатын алып, Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел жәрдем бригадасы арқылы эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Жедел әрекет етудің арқасында бірнеше минут ішінде құтқарушылар мен Жедел медициналық жәрдем орталығының мамандары оқиға орнына жетті. Зардап шеккен қызға дереу МЧС реанимобилінде алғашқы медициналық көмек көрсетілді», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Турист қыз қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді және қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында.

Қазіргі ақпарат бойынша, оның өміріне қауіп жоқ.

SOS сигналы ажалдан арашалады: Алматы тауларында жартаста тұрып қалған азамат құтқарылды

Соңғы жаңалықтар