• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Наурыз, 2026

Руслан Құрбанов Әлем кубогының жартылай финалына шықты

30 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда Астанада шпагамен семсерлесуден Әлем кубогының кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Руслан Құрбанов үздік төрттіктің қатарына енді.

Ширек финалда отандасымыз Жапония елінің өкілі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Кано Кокиден 9-8 есебімен басым түсті.

Курбановтың келесі қарсыласы – Давид Наги (Венгрия). Жартылай финал 17:40-да басталады.

Екі дүркін әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңі «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар