• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:45

Цифрлық теңге – инвестициялық құрал емес: Ұлттық банк азаматтарға ескерту жасады

30 рет
көрсетілді

Ұлттық банк азаматтарды цифрлық теңгеге байланысты таралған жалған инвестициялық ұсыныстардан сақ болуға шақырды. Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде жалған жарнамалар арқылы азаматтарды алдау фактілері жиілеген, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Алаяқтар «цифрлық теңге мемлекеттік инвестициялық жобасы» деген атаумен түрлі хабарламалар таратып, қысқа мерзімде жоғары табыс пен мемлекет атынан қолдау бар екенін уәде етеді. Мұндай ақпараттар арқылы олар азаматтарды фишингтік сайттарға бағыттайды. Сондай-ақ «шектеулі ұсыныс» немесе «соңғы мүмкіндік» деген сылтаумен адамдарды асығыс шешім қабылдауға итермелейді.

Жалған платформаларда арнайы жеке кабинет жасалып, онда «өсіп келе жатқан пайда» көрсетіліп, пайдаланушыларды қайта-қайта ақша салуға көндіреді. Осылайша, қаскөйлер азаматтардың қаражатына қол жеткізеді.

Цифрлық теңге: Қаржы жүйесіндегі тың нұсқа

Ұлттық банк нақтылап өткендей, цифрлық теңге – ұлттық валютаның цифрлық түрі және заңды төлем құралы ғана. Ол инвестициялық құралға жатпайды және пайда табу үшін пайдаланылмайды.

Осыған байланысты реттеуші орган азаматтарды интернеттегі күмәнді сілтемелерге өтпеуге, белгісіз нөмірлерден келген қоңырауларға сенбеуге шақырады. Сонымен қатар тек ресми дереккөздерге сүйеніп ақпаратты тексеру қажет, ал қашықтан басқару бағдарламаларын орнатудан бас тарту ұсынылады.

Мамандар сондай-ақ дербес деректерді, SMS-кодтарды және банк картасының мәліметтерін ешкімге бермеу керектігін ескертеді. Үшінші тұлғаларға ақша аударуға да қатаң тыйым салынады.

Ұлттық банк: Бизнес рубль мен доллардың ауытқуына тәуелділікті төмендетеді

Ұлттық банк өкілдері ешқашан аудио немесе видеоқоңырау шалмайтынын, жеке шоттарға қызмет көрсетпейтінін және инвестициялық өнімдерге ақша салуды ұсынбайтынын нақтылады. Сондай-ақ қаржы құралдарын сақтандыру немесе халықпен тікелей ақшалай операция жүргізу құзыретіне кірмейді.

Алаяқтыққа тап болған жағдайда азаматтарға құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылады. Қосымша кеңес алу үшін Ұлттық банктің байланыс орталығына 1477 қысқа нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Ұлттық банк 10 мың теңгелік ескі банкноттарды пайдалану мерзімін ұзартты

Соңғы жаңалықтар