• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 17:55

Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия кубогіне жолдама алды

20 рет
көрсетілді

Астана қаласында өткен баскетболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Орталық Азия аймағының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы топ жарып, Азия кубогіне жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жарыс Астанадағы Sana Sport спорт кешенінде ұйымдастырылды. Турнирге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан ұлттық құрамалары қатысты. Қарсыластар арасындағы тартысты бәсеке жоғары деңгейде өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1-орынға ие болды. Екінші орын Өзбекстанға бұйырса, Қырғызстан командасы қола жүлдені иеленді.

Турнир жеңімпазы атанған Қазақстанның жас баскетболшылары 2026 жылдың қыркүйегінде Таиландта өтетін FIBA U18 Women’s Asia Cup жарысына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл – жас спортшылар үшін үлкен халықаралық алаңға жол ашатын маңызды жетістік.

Атырауда баскетбол алаңында 13 жастағы жасөспірім көз жұмды

Астанада өткен іріктеу турнирі әйелдер баскетболы үшін маңызды оқиға ретінде бағаланды. Жарыс FIBA талаптарына толық сәйкес жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Сондай-ақ матчтарға қызмет көрсету үшін Корея мен Моңғолиядан халықаралық дәрежедегі төрешілер шақырылды. Бұл жарыстың сапасын арттырып қана қоймай, отандық төрешілер мен мамандар үшін де тәжірибе алаңына айналды.

Айта кетейік, мұндай халықаралық турнирлерді Қазақстанда өткізу:

Жас спортшылардың шеберлігін арттыруға; Жаттықтырушылар мен төрешілердің тәжірибе жинауына; Елдегі әйелдер баскетболының дамуына; Қазақстанның халықаралық спорттағы беделін нығайтуға ықпал етеді.

Сала министрлігі атап өткендей, елімізде осындай деңгейдегі жарыстардың өтуі спорт инфрақұрылымының дамығанын және халықаралық стандарттарға сай екенін көрсетеді.

Баскетбол бастамасы

Соңғы жаңалықтар