• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 11:00

Заңсыз жұмыс істеп келген 270 жеке емшара кабинеті жабылды

20 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі заңсыз медициналық қызмет көрсету фактілерін және медициналық көмек көрсету кезіндегі стандарттардың бұзылуын анықтау мақсатында республика бойынша жеке емшара кабинеттеріне тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізген мониторингтің барысында 1900 жеке емшара кабинетінің 408-і тиісті лицензиясыз медициналық қызмет көрсеткені анықталды.

Уәкілетті орган жүргізген тексерулердің нәтижесінде 270 емшара кабинеті өз қызметін ерікті түрде тоқтатты. Сондай-ақ бірқатар субъект қызметін заңдастыруға дайын екенін білдіріп, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуге кіріскен. 116 нысанға қатысты жоспардан тыс тексерулер басталды.

Аида Балаева: Мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің көлемі сақталады

Тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша мынадай жүйелі бұзушылықтар анықталды:

• медициналық қызметті лицензиясыз жүзеге асыру; • санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау; • дәрілік заттарды сақтау шарттарының бұзылуы; • білікті медициналық персоналдың болмауы; • шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті жиынтықтардың болмауы.

Қазақстанда медициналық көмектің сапасын басқарудың кешенді жоспары бекітілді

Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша 147 әкімшілік хаттама толтырылып, заң талаптарын ескермеген мекемелерге жалпы сомасы 16 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Соңғы жаңалықтар