Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Үндістанның Аурангабад қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жібек Құламбаева мен ресейлік Екатерина Яшина жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген. Олар ширек финалда нидерландылық Мелисса Бойден – малайзиялық Эльза Ванды жеңді.
Матч 1 сағат 5 минутта аяқталды. Есеп – 6:1, 6:3.
Жібек Құламбаева Үндістандағы ITF турнирінің жеңімпазы атанды
Жібек Құламбаева мен Екатерина Яшина енді финалға шығу үшін үндістандықтар Чевика Редди Сама – Саумия Рондемен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, Жібек Құламбаева бір күнде жекелей және жұптық сында да жеңіске жетті.