• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы Бүгін, 08:33

Зейнетақы жинағы артып келеді

20 рет
көрсетілді

Елімізде азаматтардың зейнетақы жинағының қоры биылғы 1 наурыздағы есеп бойынша 26,87 трлн теңгеден асты. Кейінгі бір жылдағы өсім – 4,19 трлн теңге (18,5%).

2026 жылғы 1 наурызда міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебіндегі жинақ көлемі 25,23 трлн теңге болды. Бір жылдағы өсім 3,35 трлн теңгеге (15,3%) жетті. Мін­детті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бір жылда 14,8%-ға өсіп, 746,91 млрд теңге болды. Бір жыл ішін­дегі ең қомақты өсім – ерік­ті зейнетақы жарналарында (23,6%). Оның көлемі биыл­ғы ақ­пан­да 9,89 млрд теңгені көрсет­ті. Салым­шылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаң­тардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да еселене артқан. Нақтыласақ, был­тыр­ғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда биыл 2,8 есеге ұлғайып, 879,18 млрд теңге болды.

Зейнетақы жинақтары зейнет­ақы жарналары мен ин­вести­циялық кіріс түріндегі кіріс есебінен молаяды. 2026 жылдың алғашқы екі айында салымшылардың жеке әрі шартты зейнетақы шоттарына 571,83 млрд теңге түсті. Бұл был­тырғы қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 15%-ға (74 501,45 млрд теңге) артқанын көрсетеді.

Жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) биыл жыл басынан бері 446,35 млрд теңге түскен. Қаңтар айынан бері са­лым­шылардың шоттарына түскен таза инвести­циялық кіріс 523,88 млрд теңгеден асты. Қаңтар-ақпандағы БЖЗҚ-дан жар­налардың барлық түрлеріне жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдары­на ауда­рымдар 237,13 млрд теңге болды. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 42,32 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кестеге сай берілетін орташа айлық төлем – 38 735 теңге.

2026 жылдың басынан бері тұр­ғын үй жағдайларын жақсар­туға, сонымен қатар емделуге ар­нал­ған біржолғы зей­нет­ақы төлем­дері есебінен 86,26 млрд теңге ­жұм­­­салған. Мұрагерлікке – 26,86 млрд теңге, елден көшіп кетуіне бай­­­ла­нысты – 6,67 млрд теңге, мүге­­дек­тігі бар адамдарға – 665,93 млн теңге, жерлеуге 1,63 млрд тең­ге кө­ле­мінде төлем жасал­ды. Сақтан­дыру ұйымдарына 72,73 млрд ­теңге аударылды.

Соңғы жаңалықтар