• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Сәуір, 2026

Иранның жоғарғы көшбасшысы ауыр халде жатыр

30 рет
көрсетілді

Иранның жоғарғы рухани көшбасшысы  Моджтаба Хаменеи қазіргі уақытта ауыр халде ем қабылдап, ес-түссіз күйде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

The Times басылымы АҚШ пен Израиль барлау қызметтерінің мәліметтеріне негізделіп, Парсы шығанағындағы одақтастарға берілген дипломатиялық жазбаны зерттеген.

Жазбада Қом қаласында емделіп жатқан Моджтаба Хаменеи денсаулығына байланысты елдегі саяси шешімдер қабылдау үдерісіне қатыса алмайтыны айтылған. Сондай-ақ құжатта оның нақты қай жерде екені алғаш рет ашық көрсетілген.

Иран Парсы шығанағындағы елдерге қайта соққы жасады

Айта кетейік, Қом қаласы Тегераннан шамамен 130 шақырым оңтүстікте орналасқан.

АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс: Тараптар 45 күндік бітімге келуі мүмкін

Бұған дейін, 13 наурызда АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет Моджтаба Хаменеи жарақат алып, тіпті бет-жүзі зақымдануы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Ал CNN телеарнасы өз дереккөзіне сілтеме жасап, алғашқы әуе соққылары кезінде оның аяғы сынғанын, көзінің асты көгергенін және түрлі жарақаттар алғанын хабарлады.

Израиль Иранның энергетикалық нысанына соққы жасады

Алайда бұл мәліметтер ресми түрде расталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар