• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2015

Головкин: Монродан кейінгі қарсыласым Котто болуы мүмкін

283 рет
көрсетілді

АСТАНА. 27 наурыз. Кәсіпқой бокстан WBA (Super), WBC (Interim) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин NBC Sports радиосына сұхбат берді. Әңгіме барысында ол Вилли Монромен болатын жекпе-жек туралы және болашақтағы қарсыластары жайында айтты. Бұл туралы боксшының Вконтакте әлеуметтік желісіндегі ресми тобы хабарлады. «Мен қарсыластарымды әртүрлі әдіс-тәсілмен ұрып құлатқым келеді. 12 раундтық жекпе-жек өткізсем, тіпті қызық болар еді. Монро туралы айтар болсам, ол осыған дейінгі қарсыластарымның ішіндегі тәсілі өзгеше боксшы. Сондықтан 16 мамырда бокссүйер қауым тамаша шоудың куәсі боларына сенімім мол», – деді боксшы. Сондай-ақ, ол Монродан кейін Мигель Коттомен кездесу үшін әрекет ететінін тілге тиек етті. Сөзінің соңында отандасымыз америкалық Флойд Мейвезермен жұдырықтасқысы келетінін тағы бір айтып өтті. Бұл жөнінде Головкин: «Қазір Флойдқа қарсы шаршы алаңға шығу арман болып тұр. Онымен кездесу үшін жеңіл салмаққа өтуге де дайынмын», – деді. Айта кетейік, 16 мамырда Геннадий Головкин кезекті рет чемпиондық атағын қорғау үшін Вилли Монромен айқасқа түседі. Бұл жекпе-жекті HBO телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлауда. Еламан Қоңыр. Дерек: Вконтакте. Сурет: boxingplanet.ru.